Қазақстанда ЖЭО-ларда жөндеу науқаны басталды

Дерек көзі: Freepik
- Энергетика министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінде жылыту маусымының өтуі және 2026 жылғы жөндеу науқанына дайындық мәселелері бойынша республикалық селекторлық кеңес өтті. Талқылауға KEGOC, QazaqGaz Aimaq, «ҚТЖ» ҰК, «Самұрық-Энерго», ЦАЭК және өңірлік энергетикалық кәсіпорындардың өкілдері қатысты.
-
- Жылыту маусымы қалыпты режимде өтіп жатыр. 2025 жылдың қорытындысы бойынша электр станцияларындағы технологиялық бұзушылықтар саны 8%-ға азайып, температуралық кестеден ауытқу жағдайлары барынша қысқартылды.
-
- Ағымдағы жылы тоғыз энергия блогында, 55 қазандықта және 51 турбинада күрделі жөндеу жүргізу жоспарланған. Қазірдің өзінде Ақсу электр станциясының №5 энергия блогында, Ақтау, Петропавл, Жезқазған және Атырау қалаларындағы ЖЭО-лардың қазандықтарында, сондай-ақ Степногорск ЖЭО-сының турбинасында жұмыстар басталды. Атырау облысындағы ТШО турбинасын жөндеу аяқталды.
-
- Жабдықтардың тозу деңгейі жоғары өңірлерге және энергия нысандарын су тасқыны кезеңіне дайындауға ерекше назар аударылуда.