ҚазҰУ-дың Суперкомпьютерлік орталығында ауа райын болжаудың цифрлық моделі іске қосылды

Дерек көзі: Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі
- Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Суперкомпьютерлік орталығында «Қазгидромет» РМК Қазақстан аумағы бойынша ауа райын болжаудың жаңа сандық моделін іске қосты. Есептеулер Weather Research and Forecasting (WRF) моделі негізінде 2 километрлік кеңістіктік ажыратымдылықпен Орталық Азиядағы ең қуатты есептеу кешені — Farabi Supercomputer Center ресурстарында жүргізіледі.
-
- Жоба Экология және табиғи ресурстар министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылды. Орталық мамандары есептеу тораптарын баптап, модельді автоматты іске қосуды қамтамасыз етті, ал «Қазгидромет» сарапшылары оның параметрлерін бейімдеп, калибрледі.
-
- Жаңа жүйе күн сайын егжей-тегжейлі болжамдар жасап, қауіпті табиғи құбылыстар туралы, әсіресе Алматы мен елдің оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда, дәлірек ескертуге мүмкіндік береді. Орталық директоры Әмірхан Темірбаевтың айтуынша, суперкомпьютер ұлттық деңгейдегі инфрақұрылымға айналды және алдағы уақытта су тасқынын, климатты және ауа сапасын модельдеуге пайдаланылуы мүмкін.
-
- Сандық болжам және интерактивті карталар бөлімі «Қазгидромет» ресми сайтында қолжетімді болады.