- Көкшетау, Семей және Өскемен қалаларында жоспарланған үш жылу электр орталығының (ЖЭО) құрылысын жүргізу үшін Қазақстан жаңа мердігерлер іздеуде.
Энергетика вице-министрі Бақытжан Ілиясовтың мәлімдеуінше, шетелдік компаниялармен, оның ішінде қытайлық және оңтүстіккореялық тараптармен келіссөздер жүріп жатыр.
Бұған дейін бұл жобалар ресейлік мердігерлердің қатысуымен жүзеге асады деп жоспарланған болатын. Алайда, бірінші вице-премьер Роман Склярдың айтуынша, жабдықтарға берілетін пайыздық мөлшерлемені субсидиялау мәселесі туындап, жобаның іске асуына кедергі келтірген. Осыған байланысты инвесторды ауыстыру мүмкіндігі қарастырылып жатыр.