Ішкі туризмнің Онлайн-академиясында 30-дан астам тегін курс қолжетімді

Дерек көзі: Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі
- Kazakh Tourism туризм саласында жаңа білім мен дағдыларды тегін меңгеруге ниетті барлық азаматтарға мүмкіндік ұсынады. Ішкі туризмнің Онлайн-академиясында оқыту 31 өзекті бағыт бойынша қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі.
-
- Курстар тізімі үнемі кеңейіп келеді. Өткен жылы туристік дестинацияларды басқару, халал-туризм және туризмдегі инвестициялар сияқты жаңа бағыттар іске қосылды. Биыл қосымша білім беру бағдарламаларын енгізу жоспарланған.
-
- Бес жыл ішінде тыңдаушыларға 11 мыңнан астам сертификат табысталды, оның 2300-ден астамы тек өткен жылға тиесілі. Ең жоғары белсенділік Астана мен Алматы қалаларының, сондай-ақ Шығыс Қазақстан, Маңғыстау және Алматы облыстарының тұрғындары тарапынан байқалады.
-
- Академия тыңдаушыларының қатарында туристік бизнес өкілдерімен қатар сала туралы базалық білім алғысы келетін азаматтар да бар. Білім беру бағдарламалары туризмнің ерекшеліктерін түсінуге, перспективалы бағыттарды айқындауға, сату мен ілгерілетудің негіздерін меңгеруге, сондай-ақ тұрақты әрі бәсекеге қабілетті туристік өнім жасаудың кезеңдерін үйренуге көмектеседі. Оқыту courses.tourismonline.kz платформасында қолжетімді.
-
- Академия контенті салалық мамандардың қатысуымен қалыптастырылады — курстарды әзірлеуге туризм саласының 80 сарапшысы тартылған.