Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қызметтік борышын атқару кезінде көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін 13 азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттады. Олардың арасында төтенше жағдайлар саласының басшылары, құтқарушылар, өрт сөндірушілер және басқа да мамандар бар, деп хабарлайды NaizaNews.kz Ақордаға сілтеме жасап.
ІІ дәрежелі «Даңқ» орденімен Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Қуанар Базарбаев пен Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Марат Күлдіков марапатталды.
Бауыржан Момышұлы атындағы ІІ дәрежелі «Айбын» ордені Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының бірінші орынбасары Анри Даниярға және Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясының бөлім бастығы Алексей Цурканға берілді.
«Құрмет» орденіне Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтерінің республикалық орталық штабының бас директоры Тимирлан Дзауров, Төтенше жағдайлар министрлігі департаменті директорының орынбасары Ерік Есмаханов және Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бас маманы Елена Нарзиева ие болды.
«Ерлігі үшін» медалімен «Барыс» республикалық құтқару қызметінің бас құтқарушысы Дархан Байдекенов, Қызылорда қаласындағы № 6 өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндіруші-құтқарушысы Нұрсұлтан Жалғасов, Алматы қаласы Мониторинг және жедел әрекет ету орталығының құтқарушысы Дархан Рысбаев және «Бурундайавиа» авиакомпаниясының әуе кемесі командирі Александр Чеботкин марапатталды.
«Ерен еңбегі үшін» медалі Қызылорда облысындағы «Оңталап» шаруа қожалығының директоры Әбдіхамит Аралбаевқа және Абай облысындағы «Ағайынды» шаруа қожалығының директоры Жанат Ибрагимовке табысталды.
Мемлекеттік награда иегерлерінің тізімі 2026 жылғы 19 қазанда Ақорданың ресми ақпараттық ресурсында жарияланды.
Источник: Ақорда