Қазақстан құрамасының спорттық гимнастика шеберлері Нариман Құрбанов пен Нұртан Ыдырысов Нидерландтың Роттердам қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының финалына жолдама алды. Екі спортшы түрлі жаттығулар бойынша жүлдеге таласады, деп хабарлайды NaizaNews.kz Қазақстан Республикасының Ұлттық олимпиадалық комитетіне сілтеме жасап.
2024 жылғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Нариман Құрбанов ат снарядындағы жаттығудың іріктеу кезеңінен сәтті өтті. Төрешілер оның өнерін 14,866 ұпаймен бағалап, екінші орынға орналастырды. Ал 14,933 ұпай жинаған Армения өкілі Гамлет Манукян бірінші нәтиже көрсетті.
Нұртан Ыдырысов жекелей көпсайыстың финалына шықты. Ол алты снарядтағы жаттығулардың қорытындысы бойынша 79,665 ұпай жинап, іріктеу кезеңінде 17-орынға ие болды.
Командалық жарыста Қазақстан құрамасы финалға өте алмады. Ұлттық құрама 237,594 ұпай жинап, іріктеу кезеңін 12-орында аяқтады.
Жекелей көпсайыстың финалы 22 қазанда өтеді. Ал Нариман Құрбанов 24 қазанда ат снарядындағы жаттығудан жүлдеге таласады.
Источник: olympic.kz