Қазақстандық боксшы Айбек Оралбай Аичи–Нагояда өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарының алтын медалін жеңіп алды, деп хабарлайды NaizaNews.kz ҚР Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап.
Ұлттық құраманың капитаны 90 келіден жоғары салмақ дәрежесінде өнер көрсетті. Финалда ол Өзбекстан өкілі Жахонгир Зокировпен кездесті.
Шешуші жекпе-жектің қорытындысы бойынша төрешілер жеңісті Айбек Оралбайға берді. Осылайша қазақстандық боксшы Азия ойындарының чемпионы атанды.
Бұл Қазақстан құрамасының қазіргі Азиададағы бокстан екінші алтын медалі болды. Бұған дейін 70 келіге дейінгі салмақта Төрехан Сабырхан чемпион атанған еді. Ол финалда Иордания өкілі Зеяд Ишаишті жеңді.
Источник: olympic.kz