Астана халықаралық Lonely Planet туристік басылымының жыл сайынғы Best in Travel 2027 топтамасына енді, деп хабарлайды NaizaNews.kz Астана қаласының әкімдігіне сілтеме жасап.
Топтамада әлемнің 25 туристік бағыты мен 25 туристік әсері ұсынылған. Астана 2027 жылы саяхаттауға ұсынылған бағыттардың қатарына енді.
Қазақстан астанасы футуристік сәулеті үшін Best for futuristic skylines санатында атап өтілді.
Тізімдегі басқа бағыттардың қатарында Италияның Венето өңірі, Канададағы Квебек, Қытайдағы Чэнду, БАӘ-дегі Абу-Даби және Эквадордағы Галапагос аралдары бар.
Дерек көзі: Ақорда