Ақмарал Ерекешева Чехияда өткен көркем гимнастикадан Гран-при кезеңінде бес медаль жеңіп алды, деп хабарлайды NaizaNews.kz ҚР Ұлттық олимпиадалық комитетіне сілтеме жасап.
Жарыс Брно қаласында өтті. Турнирдің соңғы күні спортшылар жекелеген жаттығу түрлері бойынша медальдарды сарапқа салды.
Қазақстандық гимнаст шеңбермен жаттығуда ең жоғары нәтиже көрсетті. Ерекешева өнері үшін 29,150 ұпай алып, осы бағдарламада жеңімпаз атанды.
ҚР ҰОК мәліметінше, бұған дейін қазақстандық спортшылар Гран-при кезеңінде шеңбермен жаттығудан жеңіске жетпеген. Сондықтан бұл жеңіс отандық көркем гимнастика үшін тарихи нәтиже болды.
Алтын медальдан бөлек, 16 жастағы спортшы төрт күміс жүлде иеленді. Доппен және ұршықпен жаттығуда ол тек Украина өкілі Таисия Онофрийчукке есе жіберді. Ал лентамен жаттығу финалында Польшадан келген Лилиана Левинская жоғары нәтиже көрсетті. Тағы бір күмісті Ерекешева бір күн бұрын жеке көпсайыста жеңіп алған еді.
Бұған дейін Қазақстан құрамасының Гран-при кезеңдерінде жеңістері болған. Алия Юсупова осы халықаралық серияда ұршықпен жаттығудан екі рет алтын медаль жеңіп алған. Тағы бір алтынды доппен жаттығуда Эльжана Таниева еншілеген.
Источник: Спортты дамыту дирекциясы