Қазақстанда 1414 бірыңғай байланыс орталығына AI-ассистентті енгізу бойынша пилоттық жобаны іске қосу жоспарланып отыр, деп хабарлайды NaizaNews.kz ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігіне сілтеме жасап.
Жоба аясында генеративті жасанды интеллект азаматтарға мемлекеттік қызметтер бойынша кеңес беру үшін қолданылады. Алғашқы кезеңде AI-ассистент пайдаланушыларға қажетті ақпаратты дауыстық форматта алуға көмектеседі.
Жүйенің мүмкіндіктері біртіндеп кеңейтіледі. Кейін AI-ассистент мемлекеттік қызметтер бойынша кеңес берумен қатар, олардың нәтижелерін де ұсына алады.
Азаматтар үшін бұл қажетті ақпаратты алуды жеңілдетіп, байланыс орталығымен жұмысты ыңғайлы етуге мүмкіндік береді. Мемлекет үшін мұндай технология өтініштерді өңдеу тиімділігін арттырып, күту уақытын қысқартуға және операторларға түсетін жүктемені азайтуға көмектеседі.
Пилоттық жоба мемлекеттік секторда цифрлық сервистерді дамыту және жасанды интеллектке негізделген шешімдерді енгізу аясында жүзеге асырылмақ.
Источник: Жасанды интеллект