Вьетнамнан Қазақстанға өз анасының денсаулығына қасақана ауыр зиян келтірді деген күдікке ілінген ер адам экстрадицияланды, деп хабарлайды NaizaNews.kz Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына сілтеме жасап.
Тергеу мәліметінше, өткен жылдың қараша айында ер адам үйінде мас күйінде болған. Анасы екеуінің арасында сөзге келіспеушілік туындап, сол кезде күдікті, тергеу нұсқасы бойынша, әйелге бірнеше рет пышақ сұққан.
Оқиғадан кейін ер адам құқық қорғау органдарынан бой тасалап, халықаралық іздеуге жарияланған.
Кейін күдікті Вьетнамның Дананг қаласынан табылды. Осы елдің құзырлы органдарының көмегімен ол Қазақстанға экстрадицияланды.
Елге жеткізілгеннен кейін ер адам тергеу изоляторына қамалды. Оған тағылып отырған қылмыс бойынша үш жылдан сегіз жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Дерек көзі: magnific.com