Атырау облысы Полиция департаменті арнайы жедел әрекет ету жасағының инспекторы Елдар Отаралы Бейжіңде өткен халықаралық NAIZA Diamond Fight Night турнирінде жеңіске жетті, деп хабарлайды NaizaNews.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Қазақстандық спортшы 61 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жекпе-жекке шықты. Оның қарсыласы Қытай өкілі болды. Елдар Отаралы кездесудің алғашқы секундтарынан-ақ бастаманы өз қолына алып, жоғары жылдамдық пен шеберлік көрсетті.
Жекпе-жек көпке созылған жоқ. Бірінші раундтың 13-секундында Елдар Отаралы қарсыласын нокаутқа түсіріп, халықаралық турнирде мерзімінен бұрын жеңіске жетті.
Қазақстанға оралған спортшыны әуежайда әріптестері қарсы алды. Олардың қатарында Атырау облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары Руслан Ешманов та болды. Ол әріптестерімен бірге Елдар Отаралыны халықаралық аренадағы жеңісімен құттықтады.
Источник: Фото: Polisia.kz