Қазақстан мен Қытай арасындағы тұрақты әуе рейстерінің саны аптасына 124-тен 152-ге дейін ұлғаяды, деп хабарлайды NaizaNews.kz Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап.
Мұндай келісімге екі елдің авиациялық билік органдары Бейжіңде өткен келіссөздер барысында қол жеткізді.
Азаматтық авиация комитетінің мәліметінше, Қазақстаннан тікелей ұшуға болатын Қытайдың ірі қалаларының саны 11 бағытқа дейін кеңейтілді. Олардың қатарына Чунцин қаласы да енгізілді.
Тараптар сондай-ақ Қытай әуе компанияларының қатысуымен Астана – Шанхай бағыты бойынша тікелей рейс ашу және үшінші халықаралық әуе дәлізін құру мәселелерін талқылады.
Бұдан бөлек, келіссөздер барысында Қытай әуежайларында слоттар бөлу, сондай-ақ әуе кемелерін іздеу және құтқару саласындағы ынтымақтастық туралы келісім жасау мәселелері қаралды.
Дерек көзі: Magnific.com