2026 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша Қазақстандағы сауда көлемі 36,2 трлн теңгеге жетті, деп хабарлайды NaizaNews.kz ҚР Сауда және интеграция министрлігіне сілтеме жасап.
Бұл туралы Үкімет отырысында Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев мәлімдеді.
Министрдің айтуынша, сауданың нақты көлем индексі 105,7%-ды құрап, жалпы сауда көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 15,3%-ға өсті. Көтерме сауда 6,6%-ға, ал бөлшек сауда 3,8%-ға артты.
Арман Шаққалиевтің сөзінше, жыл соңына дейін сауда көлемін кемінде 40 трлн теңгеге жеткізу жоспарланып отыр. Бұл көрсеткішке қол жеткізу үшін негізгі міндет – отандық өндіріс көлемін ұлғайту.
Источник: