«Арай транс KZ» компаниясының Астана – Семей – Достық бағытындағы №121/122 пойызында Starlink технологиясы негізіндегі спутниктік интернет іске қосылды, деп хабарлайды NaizaNews.kz ҚР Көлік министрлігіне сілтеме жасап.
Бұл – жеке тасымалдаушы қызмет көрсететін пойыздар арасында спутниктік интернетпен жабдықталған алғашқы бағыт.
Жоба Көлік министрлігінің жолаушылар тасымалының сапасын арттыру және цифрлық сервистерді дамыту жұмыстары аясында жүзеге асырылды. Спутниктік байланыс ұялы байланыс жоқ теміржол учаскелерінде де интернетке қосылуға мүмкіндік береді.
Қызметті пайдалану үшін пойыздағы Wi-Fi желісіне қосылып, авторизациядан өту қажет. Жолаушылар WhatsApp пен Telegram арқылы тегін мәтіндік хабарлама алмаса алады немесе интернетке толық қолжетімділік беретін ақылы тарифті пайдалана алады.
Министрлік мұндай цифрлық шешімдер жолаушыларға көрсетілетін қызмет сапасын арттырып, теміржол көлігіндегі заманауи сервистерді дамытуға ықпал ететінін атап өтті.
Источник: Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі