Қазақстанда соңғы бес жылда «e-Otinish» жүйесі арқылы 16 млн-нан астам азаматтың өтініші қаралды. Бұл туралы Астанада өткен конференцияда айтылды, деп хабарлайды Naizanews.kz.
Жүйе мемлекет пен халық арасындағы өзара іс-қимылдың маңызды құралына айналып, ашықтық пен есептілікті қамтамасыз етіп отыр.
Бүгінде «e-Otinish» шамамен 50 мың әкімшілік орган мен ұйымды біріктіреді, ал пайдаланушылар саны 3 млн-нан асады.
Конференция қатысушыларының айтуынша, платформа өтініштерді жедел қарауға ғана емес, мемлекеттік органдар жұмысының тиімділігін бағалауға да мүмкіндік береді.
Сондай-ақ жүйені одан әрі дамыту, оның ішінде жасанды интеллект технологияларын енгізу және азаматтармен жұмыс стандарттарын жетілдіру мәселелері қаралды.
Сарапшылар «e-Otinish» қоғам мен билік арасындағы сенімді нығайтуда маңызды рөл атқаратынын атап өтті.
Дерек көзі: Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі