Астанада 5–8 сынып оқушылары арасында «ProEco» экологиялық жобалар байқауы өтуде, деп хабарлайды Naizanews.kz. Оған елдің барлық өңірінен 105 оқушы қатысып, 88 жоба ұсынды.
Байқау дарынды оқушыларды анықтауға және олардың экология саласындағы зерттеу дағдыларын дамытуға бағытталған.
Жұмыстар төрт бағыт бойынша бағаланады — туған өлкенің табиғатын зерттеуден бастап экологиялық бастамалар мен абаттандыру жобаларына дейін.
Қатысушылар 3D-модельдер, бейнежобалар, ғылыми зерттеулер және экодизайн бағытындағы жұмыстарын таныстыруда.
Байқау қорытындысы бойынша қатысушылардың 45%-ы «Дарын» орталығының дипломдары мен марапаттарына ие болады, барлық оқушыларға сертификаттар табысталады.
Дерек көзі: Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі