Қазақстан Үкіметі Ақмола облысында астықты терең өңдеу зауытын салуды мақұлдады, деп хабарлайды Naizanews.kz.
Жобаны «Азия Алтын Дән» ЖШС Aqmola индустриялық аймағында жүзеге асырады. Инвестиция көлемі 300 млрд теңгені құрайды, ал кәсіпорынның қуаты жылына 6 млн тоннаға дейін жетеді.
Зауыт астықты толық циклмен өңдеп, жоғары қосылған құны бар өнім шығаруға мүмкіндік береді. Шамамен 800 жұмыс орнын құру және биоинженерия саласында мамандар даярлау жоспарланған.
Жоба аясында инфрақұрылым дамытылып, спорт кешенін қоса алғанда әлеуметтік нысандар салынады. Билік өкілдері кәсіпорынның іске қосылуы импортқа тәуелділікті азайтып, елдің экспорттық әлеуетін күшейтетінін атап өтті.
Дерек көзі: Freepik