Қазақстанда сумен жабдықтау жүйесін жаңғырту жалғасуда, деп хабарлайды NAIZA NEWS ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне сілтеме жасап. Соңғы бес жылда бұл бағытқа 835 млрд теңгеден астам қаржы бағытталған.
2021 жылдан бері 34 қала мен 756 ауылдың тұрғындары орталықтандырылған суға қол жеткізді. Тағы 699 елді мекенде заманауи су тазарту станциялары орнатылған.
Сонымен қатар инфрақұрылымды жаңарту және желілердің тозуын азайту бойынша жобалар жүзеге асырылуда. 2030 жылға қарай бұл көрсеткішті 40%-ға дейін төмендету жоспарланған.
Цифрландыруға да ерекше назар аударылуда: су шығынын азайтып, жүйенің сенімділігін арттыру үшін есепке алу және басқару жүйелері енгізілуде.
Дерек көзі: Freepik