Қазақстанда 2026–2030 жылдарға арналған көмір генерациясын дамыту бойынша ұлттық жоба бекітілді. Құжат 8 жаңа электр станциясын салуды және қолданыстағы қуаттарды жаңғыртуды көздейді, деп хабарлайды Naizanews.kz.
2030 жылға дейін 7,8 ГВт жаңа және жаңғыртылған қуаттарды іске қосу жоспарланған. Негізгі жобалардың қатарында Курчатовтағы КЭС, Екібастұз ГРЭС-3, сондай-ақ Жезқазған, Көкшетау, Семей және Өскемен қалаларындағы жаңа ЖЭО құрылысы бар.
Бағдарлама 11 қолданыстағы станцияны жаңғыртуды да қамтиды. Нәтижесінде жабдықтардың тозу деңгейі 13%-ға төмендеп, энергожүйенің тиімділігі артады деп күтілуде.
Жоба тұрақты энергиямен жабдықтауды қамтамасыз етуге, өнеркәсіпті қолдауға және елдің цифрлық экономикасын дамытуға бағытталған.
Дерек көзі: Уикипедия