Қазақстан неонаталдық көмекті дамытуда елеулі нәтижеге қол жеткізді, деп хабарлайды NAIZA NEWS ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап. Халықаралық ұйымдардың дерегіне сәйкес, неонаталдық өлім-жітім көрсеткіші 1000 нәрестеге шаққанда 3,9-ды құрады — бұл Орталық Азиядағы ең төмен деңгей.
Дамыған елдермен салыстырғанда Қазақстан АҚШ көрсеткішіне жақындады, онда бұл көрсеткіш 3,7-ні құрайды. Мұндай нәтижеге заманауи медициналық технологияларды енгізу және перинаталдық көмекті дамыту арқылы қол жеткізілген.
Шала туған сәбилерді күтіп-бағуға ерекше көңіл бөлінуде. Қазір елде салмағы 500 грамнан бастап туған нәрестелерді аман алып қалу мүмкіндігі бар, ал олардың өмір сүру деңгейі төрт есеге артқан.
Соңғы он жылда нәрестелер өлімі 1,5 есе, ал неонаталдық өлім екі есе төмендеген. Қазақстанда жаңа туғандарға арналған төрт түрлі скрининг енгізіліп, ауруханадан шыққаннан кейін бақылау бағдарламалары жүзеге асырылуда.
Денсаулық сақтау министрлігінде жүйені одан әрі дамыту мерзімінен бұрын босануды азайтуға және репродуктивті денсаулықты нығайтуға бағытталатынын атап өтті.
Источник: Freepik