Almaty қаласындағы Haileybury Almaty мектебінің 12-сынып оқушысы Амирлан Аманжолов математикадан халықаралық олимпиадада күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Naizanews.kz.
Байқау Австралияда өтті, онда Қазақстан құрамасы 112 елдің ішінде 17-орынға ие болды. Амирлан халықаралық турнирлерде тұрақты жоғары нәтиже көрсетіп, ұлттық құраманың мүшесі саналады.
Жетістіктерінің арқасында ол Гарвард, Стэнфорд және MIT секілді жетекші университеттерден шақырту алған. Нәтижесінде Massachusetts Institute of Technology-ді таңдап, толық грантпен оқуға түседі.
Бұған дейін оның жетістіктері мемлекеттік деңгейде де бағаланып, 1000 АЕК көлемінде сыйақы берілген.
Дерек көзі: Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі