Мәжілісте ірі мұнай-газ жобаларындағы сатып алуларда қазақстандық қамту үлесін арттыру мәселесі қаралды, деп хабарлайды Naizanews.kz.
Энергетика министрлігінің мәліметінше, 2025 жылы жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алу көлемі 4,66 трлн теңгені құрады, оның 65,1%-ы — ішкі құн. Отандық компаниялармен 35,8 млрд теңгеге ұзақ мерзімді келісімшарттар жасалып, сондай-ақ жүздеген миллион долларлық келісімдерге қол қойылған.
Сатып алулардағы ең үлкен үлесті Теңгіз, Қарашығанақ және Қашаған жобалары қамтамасыз етуде. Сонымен қатар қызметтер мен жұмыстардағы жергілікті қамту үлесінің артқаны байқалады.
2026 жылға арналған басымдықтар қатарында өндірістерді жергіліктендіру, қазақстандық кәсіпорындармен келісімшарттарды кеңейту және сатып алудың цифрлық жүйелерін енгізу бар.
Источник: Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі