Жыл басынан бері Қазақстанда вегетациялық кезеңге дайындық аясында 526 км-ден астам ирригациялық канал тазартылды, деп хабарлайды Naizanews.kz.
Негізгі жұмыс көлемі Түркістан облысына тиесілі — 355 км. Сондай-ақ Қызылорда, Жетісу, Жамбыл және Алматы облыстарында тазарту жүргізілді.
2026 жылы жалпы 2,2 мың км-ден астам канал тазарту жоспарланған. Соңғы 2,5 жылда 3,5 мың км-ден астам су арналары ретке келтірілді.
Ведомство мәліметінше, бұл шаралар каналдардың өткізу қабілетін арттырып, ауыл шаруашылығы алқаптарын тұрақты сумен қамтамасыз етеді.
Источник: Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі