Қазақстанда Дүниежүзілік денсаулық күні аясында «Мен таңдаған жол» атты республикалық ашық сабақ өтті, деп хабарлайды NAIZA NEWS ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап. Бастама Оқу-ағарту министрлігімен бірлесіп «Адал азамат» бағдарламасы аясында жүзеге асырылды.
Сабақтар оқушылар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруға арналды. Астанада оқушылар алдында Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев сөз сөйлеп, дұрыс тамақтану, дене белсенділігі, ұйқының маңызы және гаджеттерді шектеу туралы айтты.
Сонымен қатар оқушыларға ДДСҰ өкілдері мен Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландин үндеу жасап, белсенді өмір салтын ұстануға және денсаулыққа жауапкершілікпен қарауға шақырды.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, денсаулық мәдениетін қалыптастыру мемлекеттік саясаттың негізгі басым бағыттарының бірі болып қала береді.
Источник: Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі