2026 жылдың басынан бері қазақстандық спортшылар халықаралық жарыстарда 200 медаль жеңіп алды, деп хабарлайды NAIZA NEWS ҚР Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап.
Негізгі үлес жазғы спорт түрлеріне тиесілі — 138 медаль, оның ішінде 51 алтын. Параспортта 34 медаль, ұлттық спорт түрлерінде — 22, ал қысқы спортта 6 медаль еншіленді.
Жетістіктер қатарында — велотректен жасөспірімдер құрамасының Азия чемпионатында тарихи «алтыны», фристайлдан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Асан Асылханның жеңісі және Милад Каримидің әлем кубогы кезеңіндегі табыстары бар.
Сондай-ақ конькиші Кристина Шумекова бес алтын медаль жеңіп алып, жасөспірімдер арасындағы әлемнің абсолютті чемпионы атанды.
Источник: Freepik