22–26 сәуір аралығында елорданың Президенттік орталығында IX Astana Eurasian Book Fair-2026 халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды Naizanews.kz.
Іс-шараға шамамен 80 компания қатысады, оның жартысы — қазақстандық. Сондай-ақ Ресей, Түркия, Қытай, Испания, Ұлыбритания және басқа елдерден қатысушылар күтілуде.
Бағдарламада кітап таныстырылымдары, авторлармен кездесулер, автограф-сессиялар және шеберлік сабақтары қарастырылған. Келушілерге заманауи басылымдармен қатар әлем әдебиетінің туындылары ұсынылады.
23 сәуір — Ұлттық кітап күні аясында «Ұлттық кітап» байқауы жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтеді. Көрменің ресми ашылуы 22 сәуірге жоспарланған.
Источник: Астана қаласының әкімдігі