Қазақстан 2030 жылға қарай мұнай-газ химиясы өндірісінің көлемін екі есеге жуық — 1,22 млн тоннаға дейін ұлғайтуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Naizanews.kz.
Энергетика министрлігінің мәліметінше, сала қазірдің өзінде өсім көрсетуде: 2023 жылғы 358 мың тоннадан 2025 жылы 619 мың тоннаға жеткен. Негізгі басымдық — шикізаттық модельден қайта өңделген өнім шығаруға көшу.
Ірі жобалар қатарында жылдық қуаты 1,25 млн тонна болатын «Полиэтилен» зауыты бар, оны іске қосу 2029 жылға жоспарланған. Сондай-ақ карбамид, бутадиен және алкилат өндірісі дамытылады. Жалпы инвестиция көлемі 12 млрд доллар деп бағаланып отыр.
Министрліктің мәліметінше, саланы дамыту кадр даярлаумен және инженерлік орталықтар құрумен қатар жүреді. Бұл елдің технологиялық тәуелсіздігін күшейтуге бағытталған.
Источник: Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі