Қазақстан ТЖМ-де жедел қызметтердің өзара әрекетін қамтамасыз ететін цифрлық байланыс жүйесі — КОРДИС ведомствоаралық радиожелісі таныстырылды, деп хабарлайды Naizanews.kz.
Жоба ІІМ, Ұлттық ұлан және басқа да ведомстволармен бірлесіп жүзеге асырылған. Жаңа жүйе төтенше жағдайлар кезінде тұрақты байланыс пен үйлесімді іс-қимылды қамтамасыз етеді.
КОРДИС ақпарат алмасуды жеделдетуге, ресурстарды оңтайландыруға және қауіпсіздік саласына заманауи цифрлық шешімдерді енгізуге мүмкіндік береді.
Алдағы уақытта жүйеге азаматтық қорғаныстың барлық 15 қызметін қосу жоспарланған. Бұл елдің төтенше жағдайларға дайындық деңгейін күшейтеді.
Источник: Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі