2026 жылдың басынан бері Skills Enbek платформасында 36,1 мыңнан астам қазақстандық оқуды аяқтап, сертификат алған. Оның ішінде 16,7 мыңы — жұмыссыз азаматтар, деп хабарлайды Naizanews.kz.
Платформада барлығы 1,3 млн-нан астам пайдаланушы тіркелген, ал іске қосылғаннан бері шамамен 1,2 млн адам білім алған. Қатысушылардың төрттен бірі — 16–35 жас аралығындағы жастар.
Платформада 581 курс ұсынылған, оның 395-і тегін. Оқу форматы икемді: 2 сағаттан 72 сағатқа дейін, пайдаланушы өзіне ыңғайлы қарқын мен тілді таңдай алады.
Курсты аяқтағаннан кейін берілетін сертификаттар Enbek.kz жүйесіндегі түйіндемеге автоматты түрде қосылып, жұмысқа орналасуға көмектеседі.
Источник: Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі