Астанада 22–24 сәуір күндері Өңірлік экологиялық саммит пен жасыл технологиялар халықаралық көрмесі өтеді. Іс-шара аясында мемлекет басшылары, министрлер және халықаралық сарапшылардың қатысуымен сессиялар жоспарланған, деп хабарлайды Naizanews.kz.
Ұйымдастырушы — ҚР Экология министрлігі, қолдау көрсетуші — БҰҰ. Бағдарламада 40-тан астам іс-шара, оның ішінде пленарлық отырыс пен мемлекет басшылары деңгейіндегі кездесулер қарастырылған.
Негізгі тақырыптар — климат, тұрақты даму, ресурстарды басқару және экологиялық қауіпсіздік. Саммитке Орталық Азия елдері мен халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысады.
Іс-шараның бөлігі ретінде «Экспо» ХКК-де жасыл технологиялар көрмесі өтеді. Оған 20-дан астам елден шамамен 160 компания қатысады деп күтілуде.
Дерек көзі: Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі