Қазақстанда 2026 жылғы көктемгі егіс жұмыстарына қаржыландыру бағдарламасы жалғасуда. Өтінім қабылдау 2025 жылдың 1 қазанында басталып, аграрийлер үшін соңғы мөлшерлеме жылдық 5%-ды құрайды, деп хабарлайды Naizanews.kz.
Қазіргі таңда 556 млрд теңге сомасына 3963 ауыл шаруашылығы өндірушісінен құралған пул қалыптасты. Оның ішінде 3287 өтінім 334 млрд теңгеге қаржыландырылып, 4 млн гектардан астам егіс алқабы қамтылды.
Қосымша ретінде «Даму» қоры арқылы кепілдендіру тетігі жұмыс істейді: 148 млрд теңге сомасына 753 кепілдік беріліп, несиенің 85%-ына дейін қамтылған.
Аграрийлер алынған қаражатты жанар-жағармай, тыңайтқыштар сатып алуға, техниканы жөндеуге және тұқым дайындауға бағыттауда. Қаржыландыру егін жинау науқаны мен басқа да маусымдық шығындарға да қолжетімді.
Источник: Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі