Алматыда энергетикалық инфрақұрылымды газға көшіру жұмыстары жалғасуда. ЖЭО-2 мен ЖЭО-3 нысандарында жалпы қуаты 1100 МВт-тан асатын бу-газ қондырғылары жобалары іске асырылуда.
ЖЭО-2 алаңында қада жұмыстары іс жүзінде аяқталды, негізгі корпус құрылысы мен іргетас монтажы жүргізілуде. Бірінші іске қосу кешені бойынша жабдықтар орнатылып, қазандықтарға гидравликалық сынақтар өткізілді — іске қосу жылыту маусымы аяқталғаннан кейін жоспарланып отыр.

Сонымен қатар екінші кезеңде газ турбинасы мен генератор орнатылып, металл конструкциялар мен жабдықтарды монтаждау жалғасуда. Бұл блокты іске қосу 2026 жылдың қыркүйегіне жоспарланған.
Жоба энергиямен жабдықтаудың сенімділігін арттыруға және қаланың экологиялық жүктемесін азайтуға бағытталған.

Источник: Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі