Шымкентте Digital Qazaqstan форумы аясында елдегі ең ірі хакатон — Decentrathon 5.0 басталды. Жоба Қазақстанның 20 қаласынан 3000-нан астам IT-маманды біріктірді.
Хакатон Astana Hub пен Blockchain & AI Technology Center қатысуымен өтуде. Қатысушылар он күн бойы inDrive және Solana Superteam Kazakhstan секілді технологиялық компаниялардың тапсырмаларын орындап жатыр. Жүлде қоры 20 млн теңгені құрайды.
Негізгі міндеттердің қатарында заңнаманы талдауға арналған ЖИ жүйелерін әзірлеу, ауыл шаруашылығы өндірушілерін цифрлық бағалау, сондай-ақ блокчейн негізінде Web3 шешімдерін жасау бар.
Үздік командалар өз жобаларын халықаралық жасанды интеллект орталығы ALEM AI экожүйесінде әрі қарай дамыту мүмкіндігіне ие болады.
Источник: Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі