Қазақстанда газ тұтынушыларына арналған AI-консультант іске қосылады

Источник: Freepik
- Энергетика министрлігі газ саласын цифрлық трансформациялау жұмыстарын жалғастыруда. «QazaqGaz Aimaq» АҚ мобильді қосымшасында газбен жабдықтау мәселелері бойынша абоненттердің сұрақтарына тәулік бойы жауап беретін виртуалды AI-консультанттың жабық тестілеуі басталды.
-
- Қосымша есептегіш көрсеткіштерін фотосурет арқылы автоматты тексерумен жіберуге, тұтыну тарихын бақылауға және есепке алу құралдарын тексеру туралы хабарламалар алуға мүмкіндік береді. Сервисті шамамен 500 мың пайдаланушы жүктеген, оның арқылы 200 мыңнан астам көрсеткіш жолданған.
-
- AI-консультант ең дәл шешімді таңдау үшін түрлі тілдік модельдер негізінде тестіленуде. Оның функционалы газбен жабдықтау тақырыбымен — тарифтер, нормативтер, қосылу тәртібі және құжаттар тізімімен — шектеледі. Білім базасы тұрақты түрде жаңартылып отырады.