2026 жылы ардагерлерге арнайы мемлекеттік жәрдемақы ретінде 1,5 млрд теңге төленді

Источник: Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
- Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, 1 ақпандағы жағдай бойынша елімізде 76 059 ардагер тұрады. Олардың қатарында 69 Ұлы Отан соғысының ардагері, ҰОС ардагерлеріне жеңілдіктері бойынша теңестірілген 16 250 ардагер, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының 26 626 ардагері және 33 114 тыл еңбеккері бар.
-
- 2026 жылдың басынан бері аталған санаттағы азаматтарға жалпы сомасы 1,5 млрд теңге көлемінде арнайы мемлекеттік жәрдемақы төленді. Жалпы, биыл бұл мақсаттарға 17,7 млрд теңге қарастырылған.
-
- Арнайы мемлекеттік жәрдемақы республикалық бюджет есебінен барлық ардагерлер санатына басқа әлеуметтік төлемдерге қарамастан ай сайын төленеді.
-
- 2026 жылы жәрдемақы мөлшері:
-
- • Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне — 16 АЕК (69 200 теңге);
• ҰОС кезеңіндегі жарақаттар мен аурулар салдарынан мүгедектігі бар адамдарға теңестірілген ардагерлерге — 7,55 АЕК (32 654 теңге);
• ҰОС қатысушыларына теңестірілгендерге — 6,19 АЕК (26 772 теңге);
• Ауғанстандағы ұрыс қимылдарына қатысқан ардагерлерге — 6,19 АЕК (26 772 теңге);
• ТМД шекараларын қорғауға, Ирактағы бітімгершілік операцияға және Таулы Қарабақтағы қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілерге — 4,8 АЕК (20 760 теңге);
• Тыл еңбеккерлеріне — 2,13 АЕК (9 212 теңге).