350 мыңға жуық қазақстандық педагог жасанды интеллект бойынша тегін курстан өтті

Источник: Freepik
- Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы ЮНЕСКО-мен бірлесіп, мұғалімдердің цифрлық құзыреттерін дамыту бағытындағы жүйелі жұмысты жалғастырып келеді.
-
- Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, бүгінде 350 мыңға жуық педагог мектеп ортасында жасанды интеллектіні тиімді әрі жауапты пайдалану мәселелеріне арналған тегін онлайн-курстан өткен. Бағдарлама халықаралық тәжірибе негізінде, ұлттық білім беру жүйесінің ерекшеліктерін ескере отырып әзірленген.
-
- Оқыту барысында педагогтер оқу материалдары мен тест тапсырмаларын әзірлеуді, жасанды интеллект көмегімен тақырыптық иллюстрациялар жасауды, сондай-ақ сабақтарды жоспарлау мен өткізудің сапасын арттыруды меңгереді.
-
- Тегін онлайн-курс Қазақстанның барлық азаматтары үшін «Өрлеу» MOOC платформасында қолжетімді. Оқу ыңғайлы онлайн форматта өтеді, курс соңында қатысушыларға оны аяқтағаны туралы сертификат беріледі. Қатысу үшін reg.orleu.edu.kz сайтында тіркелу қажет.