ҚАӘ-де елге кіргізілмеген жолаушыларды басқару және шекара қауіпсіздігінің цифрлық құралдары талқыланды

Дерек көзі: Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі
- Қазақстанның авиациялық әкімшілігінде (ҚАӘ) ұлттық әуе тасымалдаушыларға арналған брифинг өтті. Онда алдын ала жолаушылар туралы ақпарат (API) және жолаушы аты-жөні жазбасы (PNR) деректерін пайдалана отырып, елге кіргізілмеген жолаушыларды (INAD) басқару мәселелері қаралды. Іс-шараны Халықаралық көші-қон ұйымы (IOM) мен БҰҰ-ның Терроризмге қарсы басқармасы (UNOCT) ұйымдастырып, ҚР ҰҚК Шекара қызметі қатысты.
-
- ҚАӘ-нің авиациялық қауіпсіздік жөніндегі атқарушы директоры Жанибек Шарипбаев көші-қон бақылауының тиімділігін арттыру және авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін ведомствоаралық өзара іс-қимыл мен цифрлық шешімдердің маңызын атап өтті. Азаматтық авиация комитеті мен IOM өкілдері әуе компанияларымен бірлесіп жұмыс істеуге дайын екенін растады.
-
- IOM-ның Қазақстандағы офисінің басшысы Серхан Актопрак ұйымның API/PNR жүйелерін енгізуді қолдауға, сондай-ақ INAD жолаушыларымен жұмыс істеуде гуманистік тәсілді дамытуға бағытталғанын айтты. Ол халықаралық тәжірибелермен, соның ішінде Түркияның үлгісімен бөлісті.
-
- UNOCT шекара қауіпсіздігін күшейтуге және заңсыз қозғалыстардың, оның ішінде терроризм мақсатындағы сапарлардың алдын алуға бағытталған «CT Travel» жаһандық бастамасын таныстырды. Бастама API/PNR деректерін тиімді пайдалану арқылы қауіпсіздік пен деректерді қорғау арасындағы теңгерімді сақтауды көздейді.
-
- ҚР ҰҚК Шекара қызметі API/PNR енгізілуінің ағымдағы жай-күйі туралы ақпарат беріп, IOM-мен бірлесіп Қазақстанда шекара қауіпсіздігін нығайтуға арналған жоба тұжырымдамасын ұсынды. Онда іске асыру кезеңдері, күтілетін нәтижелер және халықаралық стандарттарға сәйкестік қамтылған.
-
- Брифинг қорытындысы бойынша қатысушылар INAD жағдайларын азайту, әуе компанияларының шығындарын оңтайландыру және шекаралық бақылаудың тиімділігін арттыру үшін API/PNR жүйелерін одан әрі интеграциялау қажеттігін растады. Сондай-ақ халықаралық және ведомствоаралық ынтымақтастықты жалғастыру жөнінде келісімге келді.