ТЖМ құтқарушылары демалыс күндері қар құрсауынан 126 адамды эвакуациялады

Источник: Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі
- Боран, көктайғақ, қатты жел және көрінудің нөлге дейін төмендеуі жағдайында соңғы екі тәулік ішінде ТЖМ қызметкерлері 126 адамды, оның ішінде 10 баланы құтқарып, эвакуациялады. Сондай-ақ қар құрсауынан 120 автокөлік шығарылды.
-
- Министрліктің мәліметінше, автожолдардың жабылуы мен ауа райының қолайсыздығы туралы халыққа алдын ала дауылды ескертулер, SMS-хабарламалар, интернет-ресурстар және әлеуметтік желілер арқылы хабарланған. Авариялық-құтқару жұмыстарына ТЖМ мен ІІМ күштері жұмылдырылды.
-
- Жамбыл облысының Қордай ауданында Қордай асуының ескі бөлігінде құтқарушылар 50 жеңіл және 30 жүк көлігін босатып, қозғалыс ішінара қалпына келтірілді. Өңірде азаматтарға көмек көрсету үшін жедел желі телефоны да іске қосылған.
-
- Жетісу облысының Кербұлақ ауданында «Сарыөзек – Көктал» тас жолында қар құрсауында қалған 71 адам, оның ішінде 10 бала құтқарылды. Сондай-ақ Алакөл ауданы мен Алматы облысының Іле ауданында тағы 14 азаматқа көмек көрсетіліп, эвакуацияланғандардың барлығы қауіпсіз елді мекендерге жеткізілді.
-
- ТЖМ қызметкерлері жоғары өтімді техникамен жолдардың күрделі учаскелерінде тәулік бойы патрульдеуді жалғастырып, халыққа қажетті көмек көрсетіп жатыр.