Қазақстанда көлік пен туристік орындардағы интернетке қолжетімділікті кеңейту жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды NaizaNews.kz. Бұл туралы жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мадиев мәлімдеді.
Қазір жеті ұшақ пен тағы 50 туристік локацияны интернетке қосу жоспарланып отыр. Сонымен қатар 50 теміржол бағыты бойынша қатынайтын 124 пойыз құрамындағы 1500 вагон интернетпен қамтылған.
«Батыс – Шығыс» гипермагистралін салу жұмыстары да жалғасуда. Жалпы ұзындығы 4511 шақырым болатын желінің жартысы төселген. Оны жыл соңына дейін пайдалануға беру жоспарланған.
Бұдан бөлек, Қазақстандағы 370 ауыл интернетке қосылған. Биыл тағы 1600 елді мекенді байланыспен қамту көзделіп отыр.
Автомобиль жолдарында да интернет инфрақұрылымын дамыту жоспарланған. 2027 жылға қарай облыстық және республикалық маңызы бар 40 мың шақырым жолды байланыспен қамту көзделген.
Ол үшін 500-ден астам антенна-діңгек құрылысын орнату жоспарланып отыр.
Дерек көзі: Жасанды интеллект