Айбек Дәдебай Қазақстан Республикасы Құрылтайының төрағасы болып сайланды.
Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіровтің айтуынша, Құрылтай төрағасын депутаттар жасырын дауыс беру арқылы сайлайды. Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұл қызметке Айбек Дәдебайдың кандидатурасын ұсынған болатын.
Дауыс беруге отырысқа қатысқан барлық депутат қатысты. Рәсімге 30 минут уақыт бөлінді.
Дауыс беру қорытындысы бойынша Дәдебайдың кандидатурасы бірауыздан қолдау тапты. Бұл туралы Есеп комиссиясының төрағасы, депутат Жанарбек Әшімжанов хабарлады.
Источник: Aqorda