Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қаражаттың, оның ішінде Ұлттық қор қаржысының ұзақ мерзімді әлеуметтік-экономикалық тиімділігі бар стратегиялық маңызды жобаларға бағытталатынын мәлімдеді.
«Бұл қаражатты мақсатсыз жұмсау туралы сөз болуы мүмкін емес. Мұндай алып-қашпа әңгімелерді мәселенің мән-жайын білмейтін және ниеті түзу емес адамдар таратады. Кез келген қордың, әсіресе Ұлттық қордың тиімділігі, ең алдымен, оның болашақ ұрпақтың игілігі үшін елеулі жетістіктерге, нақты нәтижелерге қол жеткізе алу қабілетімен айқындалады», - деді Мемлекет басшысы.
Президент сондай-ақ Ұлттық қордың балалардың игілігі үшін қазірдің өзінде жұмыс істеп жатқанын, оларға қомақты қаражат аударылып жатқанын атап өтті.
Оның айтуынша, ендігі міндет - өскелең ұрпаққа ер жеткен кезде пайдалана алатын заманауи әрі сапалы инфрақұрылым қалыптастыру.
Источник: Aqorda