Қазақстанда 2028 жылға дейін Li Auto, OMODA және JAECOO автомобильдерін шығаруды бастау жоспарланып отыр, деп хабарлайды NaizaNews.kz ҚР Премьер-министрінің ресми ақпараттық ресурсына сілтеме жасап.
Сонымен қатар елде SITRAK маркалы жүргізушісіз ершікті тартқыштарды шығару көзделген. Тиісті уағдаластықтарға Қазақстан Президентінің Қытайға мемлекеттік сапары барысында қол жеткізілді.
Сондай-ақ BYD компаниясымен бірлесіп жоғары жылдамдықты зарядтау станцияларының желісін дамыту жоспарлануда. Бұл бағыт электромобильдерге арналған инфрақұрылымды одан әрі кеңейтуге байланысты.
Қазақстанда автокомпоненттер өндірісін кеңейту және жаңа өнеркәсіптік кластерлер құру жұмыстары да жалғасады. Бұл шаралар отандық автомобиль өнеркәсібін дамытуға және саланың өндірістік базасын нығайтуға бағытталған.
Источник: UKIMET