Түркістан облысында мақта алқаптарын суару науқаны басталды, деп хабарлайды NaizaNews.kz ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігіне сілтеме жасап.
Министрліктің мәліметінше, «Қазсушар» РМК-ның Түркістан филиалы Жетісай ауданындағы алғашқы мақта алқаптарына су жеткізуді бастады.
Қазіргі уақытта «Төлеген ата» шаруа қожалығы К-30 каналы арқылы суармалы сумен қамтамасыз етілуде. Шаруалардың айтуынша, биыл су қажетті көлемде әрі тұрақты түрде беріліп жатыр.
«Биыл 9,5 гектар алқапқа мақта ектік. Қазір егістікті суаруды бастадық. Су мол әрі тұрақты келіп жатыр. Ол үшін Су ресурстары және ирригация министрлігіне алғысымызды білдіреміз», – деді «Төлеген ата» шаруа қожалығының төрағасы Мейрамбек Қуатбек.
ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің мәліметінше, жыл басынан бері «Қазсушар» РМК-ның Түркістан филиалы Жетісай ауданындағы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің қажеттілігі үшін 340 миллион текше метрден астам су жеткізген.
Министрлікте суармалы егіншілікті қажетті көлемдегі сумен қамтамасыз ету және өңірдің су ресурстарын тиімді пайдалану бағытындағы жұмыстар жалғасып жатқанын атап өтті.
Источник: ЖИ көмегімен жасалған