Түркістанда Түркі өркениеті орталығы бой көтереді, деп хабарлайды Naizanews.kz.
Бүгін Түркі мемлекеттері ұйымына қатысушы елдердің басшылары капсула салу рәсіміне қатысып, жаңа нысан құрылысына ресми түрде старт берді.
Орталықтың басты мақсаты — түркі халықтарын бай тарихы, терең философиясы және көпғасырлық мемлекеттілік дәстүрі бар ұлы өркениеттің негізін қалаушылар ретінде таныту.
Жоба аясында ғылыми зерттеулерге, ортақ тарихи мұраны зерделеуге, мәдени туризмді дамытуға және халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға ерекше назар аудару жоспарланған.
Кешен архитектурасы түркі әлемінің символдарымен көмкеріледі. Дизайнда Тәңірі, Ергенекон, Көкбөрі, Жерұйық, Ұлы дала және Өмір ағашы бейнелері қолданылмақ.
Сондай-ақ Орталықта VR, AR, голография, жасанды интеллект және иммерсивті жарық-дыбыс жүйелері секілді заманауи технологиялар кеңінен пайдаланылып, келушілерге түркі өркениетінің тарихына тереңірек ену мүмкіндігі беріледі.
Источник: Aqorda