Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысының экономикалық әлеуеті қарқынды өсіп келе жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Naizanews.kz.
Президент Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитінде сөйлеген сөзінде 2025 жылдың қорытындысы бойынша өңір экономикасының өсімі 9,3%-ды құрағанын, ал жалпы көлемі 10 млрд доллардан асқанын айтты.
Мемлекет басшысының сөзінше, облысқа 3,5 млрд доллар инвестиция тартылған.
Тоқаев саммиттің басты міндеттерінің бірі — халықаралық қауымдастыққа жаңарған Түркістанды таныстыру екенін атап өтті.
«Бүгінгі саммиттің негізгі миссиясы – бауырлас түркі мемлекеттерінің көшбасшыларымен кездесу және әлемдік қауымдастыққа жаңарған Түркістанды таныстыру», — деді президент.
Мемлекет басшысы Түркістанның болашағы оның бай тарихы секілді ұлы болатынына сенім білдірді.
Дерек көзі: Aqorda