Қазақстанда 2025 жылғы Сурдлимпиада ойындарының қорытындысы бойынша спортшылар мен жаттықтырушыларға шамамен 5,5 млрд теңге көлемінде сыйақы төленді, деп хабарлайды Naizanews.kz. Барлығы 32 спортшы мен 42 бапкер марапат алды.
Сыйақы көлемі заңмен бекітілген: алтын медаль үшін — 130 млн теңге, күміс — 78 млн, қола — 39 млн теңге. 4–6 орын алған спортшыларға 2,5 млн-нан 15 млн теңгеге дейін төленді.
Токиода өткен жарысқа 81 елден шамамен 3 мың спортшы қатысты. Қазақстан құрамасы сегіз спорт түрі бойынша өнер көрсетіп, жалпы есепте 9-орын алды.
Команда қоржынында 25 медаль бар: 8 алтын, 4 күміс және 13 қола.
Ведомство өкілдері бұл төлемдер жоғары жетістіктер спортын қолдауға және елдің халықаралық аренадағы позициясын нығайтуға бағытталғанын атап өтті.
Источник: Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы