Соңғы төрт жылда Қазақстанда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды. Бұл пайдаланылмай жатқан немесе заң бұзушылықпен берілген учаскелерге қатысты, деп хабарлайды Naizanews.kz.
Жер ресурстарын басқару комитетінің мәліметінше, олардың едәуір бөлігі қайта бөлінген: шамамен 10,8 млн гектар жер қайта пайдалануға бағытталды.
Оның ішінде 6,7 млн гектар конкурс арқылы берілсе, 4,1 млн гектар ортақ пайдаланылатын жер ретінде бекітілген.
Қосымша 5,2 млн гектар қабылданған шаралардың нәтижесінде шаруашылық айналымға енгізілді.
Бақылау аясында 7,1 мыңнан астам тексеру жүргізіліп, 5,3 мыңнан астам нұсқама берілді.
Ведомство бұл жұмыстар жерді тиімді пайдалану мен оны бөлудің ашықтығын арттыруға бағытталғанын атап өтті.
Источник: Magnific.com