Жетісу облысы бойынша Жер ресурстарын басқару департаменті Сарқан ауданы әкімдігіне қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізді, деп хабарлайды Naizanews.kz.
Тексеру барысында Балқаш көлі маңындағы су қорғау аймағында жалпы аумағы 12 гектар болатын 24 жер учаскесі коммерциялық мақсатта жер заңнамасын бұза отырып берілгені анықталды.
Осыған байланысты департамент Сарқан аудандық сотына әкімдік қаулыларын және аталған жер учаскелері бойынша сатып алу-сату шарттарын жарамсыз деп тану туралы талап арыз берді.
Сот департаменттің талаптарын толық көлемде қанағаттандырды. Балқаш көлі жағалауында орналасқан жалпы аумағы 12 гектар жер учаскелері мемлекет меншігіне қайтарылды.
Источник: Magnific