Қазақстанда вируссыз тұқымдық картоп өндіретін жоғары технологиялық орталық құру жоспарлануда, деп хабарлайды Naizanews.kz. Жобаны Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров пен Inner Mongolia Muland Agricultural Technology Co., Ltd компаниясының басшысы Вэй Цзинлун талқылады.
Министрлік дерегінше, картоп өсіру стратегиялық маңызға ие: 2025 жылы егіс алқабы 131 мың гектарды, ал жалпы өнім көлемі 2,8 млн тоннаны құрады.
Жоба отандық тұқым шаруашылығын дамытуға, импортқа тәуелділікті азайтуға және өнімділікті арттыруға бағытталған. Қазіргі таңда елде элиталық тұқым өндірумен 22 шаруашылық айналысады, бұл ретте биотехнологиялық зертханалардың рөлі жоғары.
Инвестор заманауи технологиялармен жабдықталған зертханалық-жылулық кешен құруға қызығушылық танытып отыр. Онда микро және супермироклубеньдер өндіру жоспарланған.
Жоба Орталық Азия елдеріне экспортқа да бағытталған. Алғашқы тұқымдық материал партиясын бір жыл ішінде алу күтілуде.
Источник: Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі